Сапалы ауызсу ел игілігіне

16.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында ауылдық елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілген. Белгілен­ген тапсырманы орындау мақсатында Жаңаарқа ауданында бірқатар маңызды жоба жүзеге асырылды.

Нақты айтқанда, Ералиев ауылдық округіне қарасты 189 разъезд және Ақбастау елді мекендерінде ауызсу желілерін тарту жобасы толық аяқталды. Жобаның жалпы құны 451,9 млн теңгені құрап, қаржыландыру облыстық ­бюджет пен арнайы мемлекеттік қор есебі­нен жүргізілді. Құрылыс жұмыс­тарын «Жаңаарқа-2006» ЖШС атқарды.

Жоба нәтижесінде 224 тұрғын мен 56 үй сапалы ауызсумен қамтылды. Су жүйесін салу барысында халықты тұрақты әрі санитарлық қауіпсіз сумен қамтамасыз етуге бағыттал­ған заманауи технологиялық және сәулет-құрылыс шешім­дері қолданылды. Нысандар гидрооқшаулағышы бар моно­литті темірбетон негізінде салынды, ішкі коммуникациялар коррозияға төзімді материалдардан жасалып, авариялық ағызу және дренаждық сор­ғылармен жабдықталды. Соны­мен қатар желінің жекелеген учаскелеріне қызмет көрсетуге арналған камералар, құдықтар және бақылау-өткізу пунктері орнатылды.

Сонымен қатар Ералиев ауылдық округіне қарасты Жомарт стансасында да ауызсу құ­быры желілерін салу жұ­мысы толығымен аяқталды. Жобаның құны 449,4 млн теңгені құрайды. Оны облыстық бюджет пен арнайы мемлекеттік қор қаржыландырды. Құрылыс жұмысын «Жаңаарқа-2006» ЖШС орындады.

Нәтижесінде, стансадағы ­120 тұрғын мен 30 үй тұрақты ­әрі сапалы ауызсуға қол жет­кізді. Жобаны іске асыру ­барысында заманауи инже­нер­лік шешімдер қолданы­лып, су жүйесінің қауіпсіздігі мен сенімділігі қамтамасыз
етілді.

Аталған жобалардың толық аяқталуы өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытып, ауыл тұрғындарының таза ауызсуға қолжетімділігін қамта­масыз етті.

Ұлытау облысы 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью