Саперлер ұраны Қателікке жол жоқ!

30.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Таяу күндері еліміздегі ең жауапты әрі қауіпті әскери маман­дық­тың бірі – Инженерлік әскерлер күні атап өтілді. Бұл әскер құрамына саперлер, инженер-барлаушылар, механик-жүргізушілер, понтоншылар, кинологтер, т.б. мамандар кіреді. Олар бағдарларды дайындау мен қамтамасыз етуге, фор­тификациялық құрылыстар салуға, миналық-жарылғыш бөгет­терді орнату мен залалсыздандыруға, өткелдер ұйым­дас­тыруға, сондай-ақ әскерлерді сумен қамтамасыз етуге жауапты.

Сонымен қатар олар­дың міндетіне әскери нысандарды бүр­ке­ме­леу немесе имита­ция­лау кіреді. Қауіпсіздікті қам­та­ма­сыз етуде инженерлік-сапер­лік бөлімшелер ерекше рөл атқарады. Олар аумақты мина­лар­дан тазалау жұмыстарын жүр­гізеді. Бұл қызмет жоғары кәсіби дайындықты, қатаң тәртіп пен төзімділікті талап етеді. Ин­женерлік әскерлер заманауи барлау құралдарымен, роботтехникамен, жер қазатын әрі понтондық техникамен жабдықталады.

Бейбіт күндері әскери инженерлер төтенше жағдайлардың салдарын жоюға да атсалысады.­ Мәселен, 2024 жылы болған көк­темгі су тасқыны кезінде олар­дың күшімен Ойыл мен Есіл өзендері арқылы паром өткелдері ұйымдастырылып, 3 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Сондай-ақ 1,5 мыңдай техника өт­кізіліп, 400 тоннадан астам гу­манитарлық көмек жеткізілді.

Отандық инженерлер халық­аралық миссияларға да елеулі үлес қосып келеді. Ирактағы опе­рация барысында олар 4 мил­лионнан астам жарыл­ғыш затты залалсыздандырып, 6,7 мың текше метрден астам суды та­зартты. Қазіргі заманғы техникамен жабдықталған әрі білікті ма­ман­дармен толықтырылған инженерлік әскерлер ұлттық қауіпсіздік жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі.

Осы орайда еліміздің инже­нер­лік-саперлік тобы БҰҰ мандатына сәйкес Голан жоталарында жүктелген міндеттерді сәт­ті орындап жатқанын айта кету керек. Ол жақта былтыр 11 сәуірден бастап 44 операция­ жүргізіп, 1200-ден астам жа­рылғыш зат пен 43 қолдан жасал­ған жарылғыш құрылғыны жойды. Сонымен қатар олар жергілікті аумақта, БҰҰ базалары мен бақылау бе­кеттерінде бес іздестіру іс-ша­ра­сын өткізіп, миналы алқап­тарға үш барлау жасады. Анық­тал­ған оқ-дәрілерге 11 мәрте алдын ала зерделеу жұмысын жүр­гізді. Өз жауапкершілігіне жа­татын аймақтарда инженерлік-саперлік топ әскери персоналдың, БҰҰ нысандары мен бейбіт тұр­ғындардың қауіпсіздігін қамта­ма­сыз етіп жатыр.

«Біз мина қойылған алқап­тар­­ға барлау жүргіземіз, БҰҰ база­лары мен бақылау бекеттерін тек­се­реміз, жарылғыш заттар мен қолдан жасалған жарыл­ғыш­ құ­рыл­ғыларды жоямыз. Та­был­ған бар­лық оқ-дәрі – Сирия ау­ма­ғындағы қа­рулы қақты­ғыс­тар­­дың қауіп­ті мұрасы», дей­ді Бі­тім­герлік опе­рациялар орта­лы­­ғы­ның ма­териалдық-техни­ка­­лық қамтамасыз ету басқар­ма­сы­ның офицері, майор Ернар Амантайұлы.

Голан жоталарына аттанар алдында әскери қызметшілер Алматы гарнизонындағы Бітім­герлік операциялар орталығында, сонымен қатар Қонаев гарни­зо­нының минасыздандыру ор­та­лығында кешенді арнайы дайын­дықтан өткен болатын. Осы­лайша, еліміздің инженерлік әс­керлерінің жауынгерлері ха­лық­аралық деңгейде де БҰҰ миссиялары аясында бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға елеулі үлес қосып келеді.

Бұл әскери құрылым қата­рын­да өз ісіне жауапкершілікпен қарап, үздік атанып жүрген за­ман­дастарымыз аз емес. Соның бірі – келісімшарт негізіндегі әс­кери қызметші Сағит Мыңбай. Түркістан облысының тумасы 2012–2013 жылдары Ұлттық ұлан­ның Қарағанды қаласындағы 5451 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін өтеп, бүгінде 19033 әскери бөлімнің инженерлік-са­перлік батальонында бөлімше командирі қызметін атқарып жатыр.

Инженерлік әскерлердің бас­ты ерекшелігі – көзге көрінбейтін, бірақ аса қауіпті жаумен күресуі. Мина мен жарылғыш зат қателікті кешірмейді. Сондықтан сапер үшін әрбір қадам, әрбір қозғалыс – өмір мен өлімнің арасындағы шешім. Бөлімше командирі ре­тін­де Сағиттің мойнында алты сапердің өмірі мен қауіпсіздігі тұр. Ол үшін «Қателікке жол жоқ» деген сөз – жай ұран емес, кәсіби өмірінің басты қағидасы.

Өткен жылы С.Мыңбай «Әскер тарланы» байқауында жауын­герлік дайындық пен мем­ле­кеттік-құқықтық дайындық қорытындысы бойынша «Қайсар жүрек» аталымының жеңім­па­зы атанды. Бұл марапат – жеке ба­сы­ның жетістігі ғана емес, оның бөлімшесінің бірлігі мен кәсіби шеберлігінің нәтижесі деп біледі.

Отандық инженерлік әскер­лердің, соның ішінде сапер­лер­дің қызметі көзге көрінбейтін ерлік екенін жоғарыда айт­тық. С.Мыңбай сынды жауын­гер­лердің өмір жолы жас ұрпаққа отансүйгіштіктің, жауапкершілік пен батылдықтың жарқын үлгісі. «Қателікке жол жоқ» деген ұранмен елге адал қызмет ету – нағыз сарбазға тән қасиет, ал мұндай азаматтар – еліміздің қорғаны әрі мақтанышы.

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің тауар өндірушілер тізіліміне 5 мыңға жуық кәсіпорын тіркелген

Экономика • Бүгін, 09:43

Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:35

Қазақстанда қазір қандай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:23

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 09:12

Конституцияның жаңашылдығы – байыпты тұжырымдамалық мазмұнында

Саясат • Бүгін, 09:05

Суды үнемдеу – өңір дамуының өзегі

Саясат • Бүгін, 09:02

Инвесторларды қолдау тетіктері жетілдіріледі

Саясат • Бүгін, 09:00

Цифрлық жаңғыртудың нақты қадамдары

Саясат • Бүгін, 08:55

Әскери теміржол күзетінің мәртебесі бекітілді

Саясат • Бүгін, 08:53

Жасанды интеллект жұмыссыз қалдыра ма?

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:50

Креативті индустриядағы ұлттық қолтаңба

Жастар • Бүгін, 08:48

Трансфер нарығы: Нани «Ақтөбе» сапында ойнайды

Футбол • Бүгін, 08:45

Жақсылық жасау – жауапкершілік

Жастар • Бүгін, 08:43

Теңгенің тегеуріні

Теңге • Бүгін, 08:40

Оқытуды жеңілдеткен платформалар

Digital • Бүгін, 08:38

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью