Сәпиев пен Есімхановтың арасындағы жанжал неден туындағаны белгілі болды

23.01.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. ММА-ден әлем чемпионы Айдар Махметов Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімхановтың арасында ешқандай төбелес болмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Махметов әлеуметтік желідегі парақшасында Серік Сәпиевпен "жаңа ғана" сөйлескенін жазды.

"Оның орынбасары Есімхановпен арадағы жанжал таза жұмыс мәселесінен туындаған. Бірі екіншісіне құжат беруден бас тартқан. Ешкім ешкімді ұрған жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарын ондай алып-қашпа әңгімені таратпауды сұраймын",-дейді Махметов.

Оның сөзіне қарағанда, Сәпиев пен Есімханов арасындағы мәселе шешілген. Екеуі ымыраға келген.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью