Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиевпен жаға жыртысқан орынбасары әлеуметтік желіде жазба қалдырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін Сәпиев аймақта жасырын ықпалы бар кейбір адамдар тарапынан қарсылыққа тап болғанын мәлімдеді. Айтуынша, оның орынбасары Дәурен Есімханов облыстық спорт ұйымдарының басшыларын заңсыз ротациялауға тырысқан.
"Мен бұл заңсыз әрекеттерді тоқтаттым, соның салдары осы жағдайға әкелді", - дейді Сәпиев.
Ал Есімханов бірнеше сағат бұрын өз парақшасында:
"Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер мен БАҚ-та шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таралуда. Араңдатуға ермей, жағдайды ушықтыруға бағытталған әрекеттерге жол бермеуді сұраймын" деген жазба қалдырған.
Ал облыстық әкімдік Сәпиевтің сөзінен кейін спорт басқармасында тексеріс басталғанын хабарлады. Оны мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мамандары өткізеді. Сонымен қатар басқарманың қызметіне кешенді аудит жүргізіледі.