Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Ішкі істер министрлігі жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы жасалатын интернет-алаяқтықтың жаңа түрлері тарап жатқанын ескертті, деп жазады Egemen.kz.
Фото: ІІМ
Қаскөйлер өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері, банк секторының өкілдері және басқа ұйымдардың мамандары ретінде көрсету үшін ұқсас суреттерді, аудио және бейнематериалдарды жасау мүмкіндіктерін белсенді түрде қолданып жүр. ІІМ азаматтарға бейнеқоңыраулар арқылы белгісіз тұлғалар жалған бейне мен дауысты пайдалана отырып, өздерін полиция қызметкерлері, ұлттық қауіпсіздік органдары немесе банктердің қауіпсіздік қызметінің өкілдері ретінде таныстыратын жағдайлар жиі тіркеліп жатқанын мәлімдеді.
Полиция инвестициялық алаяқтықтың қауіпті схемалары туралы ескертті
«Олар күдікті операцияларды анықтау немесе ақшаның сыртқа шығу қаупі деген сылтаумен азаматтарды ақшаны шұғыл түрде «қауіпсіз шоттарға» аударуға көндіреді. Сонымен қатар ресми хабарламаларға ұқсас етіп жалған хабарламалар мен құжаттарды жіберу, мемлекеттік органдар немесе қаржы ұйымдары өкілдерімен байланыс орнатқандай әсер қалдыратын автоматтандырылған сервистер мен чат-боттарды пайдалану фактілері де кездеседі. Ішкі істер министрлігі құқық қорғау органдары мен банк қызметкерлері ешқашан бейнеқоңырау арқылы ақша аударуды талап етпейді, құпия мәліметтерді сұрамайды және телефон арқылы қаржылық операциялар жүргізуді ұсынбайды», делінген министрлік таратқан хабарламада.
Алаяқтықтың жаңа тәсілі тарады: Қаскүнемдер дауысын өзгертіп, сенімге кіреді
Алаяқтықтың алдын алу үшін бейтаныс адамдардың ақша аударуға қатысты нұсқауларын орындамау қажет. Сондай-ақ жеке және банк деректерін ешкімге ұсынбай, келіп түскен ақпаратты ресми дереккөздер арқылы тексеру керек. Полиция барлық алаяқтық фактілері мен әрекеттері туралы дереу құзырлы органдарға хабарлауға шақырып отыр.
Баспанаға қатысты жаңа алаяқтық схема: ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады
Соңғы жаңалықтар
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:48
Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу рәсімі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 09:32
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:18
Шаруашылық • Бүгін, 09:15
Еріктілер еңбегі қалай бағаланады?
Волонтер • Бүгін, 09:10
Зейнетақы қорындағы қаражат бейберекет жұмсалмауға тиіс
Қаржы • Бүгін, 09:05
Мәселе • Бүгін, 09:00
Нұртілеу турнирі мәресіне жетті
Спорт • Бүгін, 08:57
Кәсіптік оқыту платформасына сұраныс
Білім • Бүгін, 08:55
Руханият • Бүгін, 08:53
Шикізаттан дайын өнімге: Экономиканың жаңа моделі
Экономика • Бүгін, 08:50
Әдебиеттің бүгінгі бағдары сараланды
Руханият • Бүгін, 08:48
Жанармай нарығы: Баға қалыптастырудың басты тетігі
Баға • Бүгін, 08:45
Өндіріс • Бүгін, 08:43
Аймақтар • Бүгін, 08:40