Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
«Әліппе» – ғылым-білімге ұмтылған кез келген елдің оқу жүйесінде бар кітап.
Сондықтан оны ата-аналар мен ұстаздар қауымы «Бар кітаптың атасы» деп ерекше құрметтейді.
Осыдан бірнеше жыл бұрын «Әліппе» оқу бағдарламасынан алынып, республика жұртшылығының үлкен алаңдаушылығын туғызды. А. Қ.
Аймағамбетов министр қызметіне келгенде «Әліппе» білім жүйесіне қайта оралып, үздік оқулыққа ашық конкурс жариялады.
Бірнеше сатылық талқылау, сараптау, конкурстардан, әлеуметтік желідегі ашық қоғамдық талқылаудан өтіп, осы мақала авторларының қатысуымен жазылған «Әліппе» жеңімпаз деп танылып, бес жыл бойы оқытылып келеді.
«Әліппе» – әлем халықтарының бәрінде бар оқулық. Біз оны жазуға ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесін және алғашқы нұсқасы
Әрине, «Әліппе» Ахмет Байтұрсынұлына дейін де болған, бірақ орыс «Азбукасы» негізінде танылған мұндай оқулықтардың ғұмыры ұзаққа бармаған.