24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Атыраулық археологтар Алтын Орда дәуіріне тиесілі жаңа тарихи орындарды анықтады. «Сарайшық» музей-қорығының мамандары ортағасырлық Сарайшық кешеніне қарасты 3 қалашықтың орнынан 250-ге тарта жәдігер тапты.
Одан өзге 14-ші ғасырдың алғашқы кезеңіне жататын үйлер, цита-дель, және керуен-сарай бөліктерін ашты. Кейінгі жылдары «Алтын Орда» тарихы айтарлықтай зерттеле бастады. Соның бірі – Сарайшықтан табылған тарихи жәдігерлер саны 7 мыңнан асқан. Сондай-ақ көне қалашық орнынан аршылған Керуен Сарайлар мен басқа да ғимараттар қайта қалпына келтіріліп, «ашық аспан асты» музейі жасақталып жатыр.
Әбілсейіт Мұхтар, «Сарайшық» музей-қорығының директоры:
- Бұл ескерткіштер сонымен бірге біздің ғылыми зерттеумізідің негізгі нүктесі болып табылады. Осы 2025 жылы алғашқы Қарағайлы, Ұшқан, Ащысай да болған зерттеулердің қортындысын біз үлкен монография қылып шығрадық. Алдағы уақытта ғылыми зерттеулермен қатар қайта қалпына келтіру жұмыстары да жалғасады. Олай болатын болса, Орта ғасырлық Сарайшық- лайықты туристік аймаққа айналады деп сенеміз.