Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Көктемде көлік сырт көзге таза көрінуі мүмкін, алайда күн сәулесі түскенде сіңіп қалғандай тозаң қабаты бірден байқалады. Дәл осы кезеңде әдеттегі жуу тәсілі көмектеспей, керісінше ол бояу қабатына зақым келтіруі мүмкін. Tengri Auto мамандардан тозаң маусымында қандай қателіктерден аулақ болып, көлікке қалай дұрыс күтім жасау қажеттігін білді.
Көктемде көлік сырт көзге таза көрінуі мүмкін, алайда күн сәулесі түскенде сіңіп қалғандай тозаң қабаты бірден байқалады. Дәл осы кезеңде әдеттегі жуу тәсілі көмектеспей, керісінше ол бояу қабатына зақым келтіруі мүмкін. Tengri Auto мамандардан тозаң маусымында қандай қателіктерден аулақ болып, көлікке қалай дұрыс күтім жасау қажеттігін білді.
Тозаң шынымен де көліктің бояу қабатына айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін. Детейлинг маманы Илья Понизовскийдің айтуынша, ол ылғал тигенде жабысқақ қабық түзеді. Мұндай күйде оны қауіпсіз тазарту қиын: дұрыс жумаған жағдайда тозаң түйіршіктері лак бетінде микросызат қалдырып, оның жылтырын кетіреді.
"Тозаңның құрамында ұсақ бөлшектер мен түрлі қышқыл болады. Көліктің бояу қабатына түскенде оны бүлдіруі немесе дақ қалдыруы мүмкін, әсіресе көлікті ұзақ уақыт жумаса. Күн сәулесінің әсерінен тозаң қызып, жабысқақ субстанцияға айналады. Соның салдарынан шанақта лакқа кері әсер ететін жабысқақ қабат пайда болады", - деп түсіндірді маман.
Сонымен қатар, тозаңның құрылымы ұсақ болғанымен, өте қатты түйіршікті келеді. Егер бірден жанасу арқылы жууға - ысқыш немесе шүберек қолдануға көшсеңіз - бұл бөлшектер лак бетінде үйкеліп, микросызат қалдырады.
"Ысқыш пен шанақ арасында лакты сызатын ұсақ бөлшектер қабаты пайда болады. Салдарынан беткі қабатта голограмма іспеттес ұсақ сызат немесе немесе іздер пайда болады", - деді Понизовский.
Маманның айтуынша, гүлдеу кезеңінде көлікті аптасына кемінде бір рет жуған жөн - әсіресе тозаңға шаң қосылатын Алматы сияқты қалаларда. Бұл ретте көлікті ашық тұраққа қойып, тез ластанатын ағаш астынан аулақ болған дұрыс.
Көлікті қалай дұрыс жуу керек?"Шаң, кір және тозаң араласып, шанаққа жабысып қалады. Егер оларды ұзақ уақыт жумаса, кейін мұндай ласты кетіру қиынға соғады", - деп толықтырды ол.
Маман көлікті кезең-кезеңімен жууға кеңес береді, әсіресе өзіңіз жуатын болсаңыз. Алдымен жанасусыз сусабын жағылады - ол негізгі шаңды, кірді және тозаңды шанаққа тимей-ақ жібітіп, шаюға мүмкіндік береді. Содан кейін көбік жағылып, көлік ысқышпен немесе арнайы қолғаппен қатты баспай, қолмен мұқият жуылады (кез келген өзіне-өзі қызмет көрсету бекеттеріндегі щётканы қолданбаған жөн, олар көліктің бояу қабатына қатты зақым келтіреді).
Осыдан кейін шанақ қайтадан жоғары қысымды сумен мұқият шайылады.
Келесі қадам - химия қалдықтарын кетіріп, дақтың пайда болу мүмкіндігін азайту үшін шлангіден жай сумен соңғы рет шаю.
"Бұл өте маңызды, себебі кір көбіне нығыздағыш резеңке, саңылау мен технологиялық тесікке жиналып қалады. Су жоғарыдан төмен қарай өз ағынымен аққанда, ол мұндай жерлердегі кірді жақсырақ шайып шығады", - деп түсіндірді сарапшы.
Соңғы кезең - көлікті кептіру. Әдетте шанақтың қол жетпейтін жерлеріндегі суды кетіру үшін алдымен ауамен үрлейді, содан кейін дақ қалмай, беткі қабатпен артық жанасу болмауы үшін таза микрофибрамен ақырын сүртеді.
Шанақты қалай қорғауға болады?Маман бояу қабатының зақымдалуын азайту үшін қорғаныс жабынын қолдануды ұсынады.
Ең тиімді нұсқа - полиуретан қорғаныс пленкасы.
"Оның орташа қалыңдығы 200 микрон шамасында. Мұндай пленканың өздігінен қалпына келу қасиеті бар: күн астында қызған кезде ұсақ сызаттар тартылып, беті қайтадан тегіс болады", - деді Понизовский.
Тағы бір нұсқа - керамикалық жабын. Ол жылтыратудан (полировка) кейін жағылады және лакты берік етіп, гидрофобты әсер береді.
"Керамика жаққаннан кейін су мен кір шанаққа аз жұғады, көлік ұзақ уақыт таза сақталып, лак қосымша қорғанысқа ие болады", - деді маман.
Ең қарапайым нұсқа - балауыз. Ол да гидрофобты әсер беріп, кірдің аз жиналуына көмектеседі. Дегенмен, оның әсері ұзаққа бармайды, сондықтан әр жуудан кейін жабынды жаңартып отыру қажет.
"Балауыздың жинақталу әсері бар, сондықтан оны жүйелі түрде қолдансаңыз, көлік шанағын сыртқы әсерден қорғай аласыз. Бұл көлігіне өз бетінше күтім жасауды ұнататындар үшін жақсы нұсқа", - деп толықтырды маман.