Сарапшы: Қазақстан аптап ыстық пен су тапшылығына дайындалуы керек

15.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Сурет ЖИ көмегімен жасалған

Экологтың айтуынша, соңғы жылдары климаттық өзгерістердің әсері айқын байқала бастаған. Оның сөзінше, әлемдік метеорологиялық стансалардың бақылаулары антропогендік факторлардың климатқа ықпалы күшейіп келе жатқанын көрсетеді.

«1970 жылдан бастап жүргізілген метеорологиялық бақылауларға сәйкес, адамның шаруашылық әрекетінен болатын климаттың өзгеруі салдарынан аномалды ауа райы жағдайлары жиілеп кетті. Бұл әсіресе соңғы бес жылда анық байқалып отыр. Қар жаумайтын аймақтарда қардың жаууы, бір күн ішінде айлық жауын-шашын нормасының түсуі немесе қоңыржай өңірлерде аптап ыстықтың орнауы – климаттың өзгеріп жатқанының белгісі», деді Лаура Мәлікова.

Эколог сондай-ақ климатқа әсер ететін табиғи құбылыстардың бірі – Эль-Ниньо мен Ла-Нинья құбылыстарына тоқталды. Оның айтуынша, биыл Эль-Ниньо құбылысының ықпалы жоғары болуы мүмкін.

«Биыл Эль-Ниньо құбылысы өте жоғары қарқында болады деген болжам бар. Бұл ауа температурасының көтерілуіне, құрғақшылыққа және ылғал мөлшерінің азаюына әкелуі мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайларға алдын ала дайындалу қажет», деді сарапшы.

Лаура Мәлікова дайындық тек табиғи құбылыстардың салдарын жоюға бағытталған технологияларды қолданумен шектелмеуі керек екенін атап өтті. Оның пікірінше, ең маңызды шаралардың бірі – халықты алдын ала ақпараттандыру және қауіпсіздік шараларын түсіндіру.

«Дайындық дегеніміз – кез келген жерге барып жасанды жаңбыр жауғызу немесе басқа технологияларды қолдану ғана емес. Бұл халыққа алдын ала ақпарат беру, қажетті шараларды қабылдау, аптап ыстық күндері күн астында ұзақ жүрмеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу», деді ол.

Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық сақталады

Эколог алдағы уақытта Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі климаттық өзгерістерге байланысты ішкі көші-қон мәселесін қарастыру қажет екенін айтты. Оның сөзінше, су ресурстарының азаюы аймақтағы маңызды мәселелердің біріне айналуы мүмкін.

«Климаттың өзгеруі – үздіксіз жүріп жатқан процесс. Орталық Азиядағы мұздықтар еріп жатыр, су көлемі жылдан жылға азайып келеді. Алдағы 5-10 жылда бұл жағдай түрлі әлеуметтік мәселелерге, тіпті қақтығыстарға алып келуі мүмкін. Сондықтан ішкі миграция мәселесін қазірден бастап қолға алу қажет», деді Лаура Мәлікова.

Қазір аптап ыстық жер-жаһанды жайлады. Еуропадағы рекордтық температура мыңдаған адамның өмірін жалмап кетті. Бүгінде мұхиттық антициклондардың орнын шөлді аймақтардан келетін субтропикалық антициклондар басып отыр. Камерино университетінің физикалық география және климаттық тәуекелдер пәнінің оқытушысы Массимилиано Фаццини ресейлік ақпарат агенттігіне берген сұхбатында:

Еуропада аптап ыстықтан 10 мыңнан астам адам көз жұмды

«Еуропа аумағында Сахара немесе Иран қыратымен байланысты антициклондар орныққанда, олар өте қуатты болып, биіктігі 6-8 шақырымға дейін жетеді. Таулы жоталардан асқан жылы ауа массасы төмен қарай түсіп, сығылу әсерінен одан әрі қызады. Соның салдарынан жер бетіне жақын ауа температурасы өте жоғары деңгейге көтеріледі», дейді.

Оның айтуынша, бұрын Батыс Еуропада мұхиттық антициклондар жиі басым болса, қазір олардың орнын субтропикалық шөлді антициклондар көбірек алмастырып жатыр. Сонымен бірге Таяу Шығыстағы шөлді аймақтар Солтүстік Сахараға қарағанда да қатты қызады.

«Сондықтан қазіргі аптап ыстық толқындары ерекше қарқынды болып отыр. Жер бетіне жақын ауа бастапқыда-ақ өте жылы болады, ал төмен түсетін ауа ағындарының әсерінен қосымша қызу температураны одан әрі арттырады», деп түсіндірді ғалым.

Аптап ыстық: Францияда үш ядролық реактордың жұмысы тоқтады

Маусым айының ортасынан бері Еуропада қалыптан тыс ыстық ауа райы сақталып отыр. Бірқатар елдерде ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріліп, кей жерлерде бұл көрсеткіштен де асты. Маусымның соңғы аптасында бірнеше еуропалық мемлекетте температуралық рекордтар жаңарды. Франция, Ұлыбритания, Нидерланд және Италияда ауа райына байланысты ең жоғары – қызыл деңгейдегі қауіп жарияланды. Италия аумағында биылғы үшінші аптап ыстық толқыны жалғасып жатыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью