24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
«Қазақстан биыл халықаралық беделі артып келе жатқан орта держава ретіндегі рөлін нығайтты.
Теңгерімді сыртқы саясат, тұрақты диалог әрі көпжақты байланыстар нәтижесінде Астана дамыған және дамушы нарықтар арасында сенімді көпір құрды». Біріккен Араб Әмірліктерінің танымал медиа менеджері, кәсіпкер Абдул-рахим Абдул-вахид арнамызға берген сұхбатында осылай деді. Сарапшы қазақ тарапын дипломатия, экономикалық ынтымақтастық және бейтарап бастамалар тұрғысынан жоғары бағалайтынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл - елді инвестициялық тұрғыда тартымды ететін маңызды құрал.
Абдулрахим Абдулвахид, «Мedia hub international» компаниясының бас директоры:
- Қазақcтан билігі биыл саяси жаңғыруға, ашықтыққа және экономиканы әртараптандыруға бағытталған бірқатар маңызды реформаға бастамашы болды. Соның ішінде қоғам алдындағы жауапкершілікті нығайту, инвестициялық ахуалды жақсарту және тұрақты өсімді ілгерілетуге арналған шаралар ұзақ мерзімді тұрақтылықтың берік негізін қалайды. Осы ретте азаматтық белсенділікті арттыру және институционалдық ашықтықты күшейтуге бағытталған реформалар да айрықша маңызды. Бұл – сіздің елдің тұрақты әрі демократиялық дамуға деген ұмтылысын көрсетеді.