Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түркістан» басылымына берген сұхбатын шетелде де талқылап жатыр.
Еуропалық сарапшылардың пікірінше, Астана ел шекарасынан тыс жерді де қамтитын кең ауқымды көлік жүйесін қалыптастыра алды. Мұндай пікірді ЕуроОдақ саясаты мен коммуникация жөніндегі сарапшы, Брюссельдегі «Еуропаға арналған диалог» талдау орталығының негізін қалаушы Эли Хаджиева білдірді. Оның айтуынша Қазақстан мұхитқа тікелей шыға алмаса да, маңызды құрлықтық хабқа айналған. Бүгінде Сары теңізден Қара теңізге дейінгі аралықты қамтитын жүк терминалдарының желісі жұмыс істеп тұр. Ал ел аумағы арқылы халықаралық 5 теміржол және 7 көлік дәлізі өтеді. Осы жолдар арқылы Қытай мен Еуропа арасында құрлықпен жеткізілетін жүктің шамамен 85 пайызы тасымалданады.
Эли Хаджиева, «Еуропаға арналған диалог» талдау орталығының директоры:
- Қазақстанның геостратегиялық жағдайы өте қолайлы. Ел Қытай мен Еуропаның арасында, негізгі бағыттардың тоғысында орналасқан. Бұл – Азия мен Еуропаны жалғайтын көпір іспетті, мемлекеттің бірегейлігі де осында. Бұл көлік дәліздері мен жүк тасымалын дамытуға зор мүмкіндік береді. Қытай мен Еуропа арасындағы сауданың едәуір бөлігі Қазақстан арқылы өтеді. Бұл ел мүмкіндіктерінің қаншалықты ауқымды екенін аңғартады.