Сарапшы: Қазақстанда ет бағасы 15 20 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін

04.11.2025

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Ашық дерекөзден алынған сурет

Ауыл шаруашылығы саласының маманы, экономика ғылымдарының докторы Төлеутай Рахымбеков алдағы уақытта Қазақстанда еттің келісі 15-20 мың теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін екенін ескертті. 

Оның айтуынша, ел ішіндегі өндіріс тапшылығы салдарынан Қазақстан Өзбекстаннан ет импорттауға мәжбүр болады.

— Бешбармаққа өзбек етін салатын күн алыс емес. 2019 жылы еттің бағасы 5-6 мың теңгеге жетеді деп болжағанмын, сол болжам орындалды. Қазір малдың 80-90 пайызы ұсақ шаруашылықтардың қолында. Өнімнің өзіндік құны негізінен жем-шөпке байланысты. Технологияны ұмыттық, қолда бар жалғыз ресурс — шөп. Ал ұсақ шаруашылықтарда техника жоқ, олар шөпті фермерлерден сатып алады. Қуаңшылық болса, баға бірден өседі, — деді сарапшы TENGE TALKS youtube арнасына берген сұхбатында.

Бүгін, 12:31

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью