24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қазақстандағы конституциялық реформа жастар үшін жаңа мүмкіндік.
Осындай атаумен құқық және қоғамдық даму саласындағы сарапшылар қатысқан жиын өтті. Спикерлер жастарға жаңа бастамалардың қандай мүмкіндік беріп, оң өзгерістер әкелетінін жан-жақты түсіндірді. Сарапшылар қатарында Құрылтай мүшелері, заң мен тарих мамандары және саясаткерлер мен түрлі ұйым басшылары бар. Еркін форматта өткен отырыста жастар өз ойларын ортаға салып, реформаға қатысты сұрақтарына жауап алды.
Жамаладен Ибрагимов, заң ғылымдарының докторы:
- Парламенттік реформалар бірінші кезекте жастардың санасына құйылуы керек. Сондықтан да біздің азаматтарымыз. Бұл конституциялық реформалардың ертең қабылдағаннан кейінгі нәтижелерінен үлкен үміт күтіп отыр. Үлкен сенім білдіріп отыр. Ал жастар осы конституциялық реформалар жүзеге асқан кезде сол нормалардың осы өмірде, олардың қызметін де, әрбір әрекетін де жүзеге асуына тікелей атсалысатын үлкен қозғаушы күш.