Сарапшы: Жаңа Конституция жобасында адамның қоғам мен мемлекет дамуындағы орны айқын

11.03.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

– Преамбулада адам құқықтары мен бостандықтары мүлтіксіз сақталатыны жазылған. Сонымен қатар мәдениет, білім, ғылым, инновацияны дамыту қоғам дамуының негізгі құндылығы ретінде белгіленген. Бұл жаңа Конституция жобасының тек қана құқықтық құжат емес, сонымен бірге елдің ұзақ мерзімді даму бағдарын айқындаған стратегиялық құндылықтар жүйесі екенін көрсетеді, – деді сарапшы.

Сондай-ақ ол аталған қағидалар жаңа Ата заң жобасының негізгі баптарында да қамтылғанын атап өтті.

– Мысалы, 1-бапта «Мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінген. Сонымен қатар жаңа редакцияда адам құқықтарының қорғалып қана қоймай, мүлтіксіз сақталатынына кепілдік берілетіні жазылған. Бұл мемлекеттің адам құқықтарын қорғауға ерекше жауапкершілікпен қарайтынын білдіретін нақты құқықтық ұстаным, – деді М.Ахмади.

Оның сөзінше, 3-баптың, 2-тармағы, яғни «Қазақстан Республикасы адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты деп таниды» деген жолдар да жоғарыдағы тұжырымды нақтылайды.

– Бұл норма мемлекет дамуының жаңа парадигмасын айқын көрсетеді. Елдің болашағы табиғи ресурстармен емес, ең алдымен, азаматтардың білім деңгейі, интеллектуалдық әлеуеті, шығармашылық мүмкіндіктерімен өлшенеді деген сөз. Мемлекеттің дамуындағы негізгі фактор ретінде адами капитал қарастырылған, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін жаңа Конституция жобасының өзегі адам және адам құқықтары екенін жазғанбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью