Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Сейсенбіде Шиелі – Түркістан теміржол учаскесінде Саратов – Алматы бағытындағы №7/8 жолаушылар пойызы вагондары бірінің доңғалақ жұптары рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сейсенбіде Шиелі – Түркістан теміржол учаскесінде Саратов – Алматы бағытындағы №7/8 жолаушылар пойызы вагондары бірінің доңғалақ жұптары рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға сағат 12:49-да техникалық себептерге байланысты тіркелген.
"Салдарды жою және қозғалысты қалпына келтіру үшін оқиға орнына жедел түрде қалпына келтіру пойызы жіберілді", - делінген хабарламада.
Жолаушыларға медициналық көмек ұсынылғаны, бірақ олардың бас тартқаны айтылды. Жолаушыларды тасымалдау үшін қосымша пойыз тағайындалып, отырғызу мен жөнелту жұмыстары жедел режимде ұйымдастырылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін кейбір қазақстандық пойыздардың шағын бекеттердегі аялдамалар саны қысқартатыны туралы жазған болатынбыз. Бұл шешім себебін мына материалдан оқыңыз.
Сонымен қатар, жазғы кезеңде елімізде сұранысқа ие туристік бағыттар бойынша 15 қосымша теміржол бағыты іске қосылатыны хабарланды. Тізіммен мына сілтеме арқылы танысуға болады.
Қазақстандағы пойыздарда қашан сапалы интернет болады? ҚТЖ жауап берді