Сарбаздардың 300 млн теңгеден астам несие төлемі кейінге қалдырылды

25.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар туралы мәліметтер алмасу мәселесінде мемлекеттік органдар мен банк ұйымдары арасында тиісті өзара іс-қимылдың болмауына байланысты, сарбаздарға кредиттік төлемдер бойынша кейінге қалдыруды рәсімдеудің уақытылы жүргізілмеу фактілеріне жол берілген.

— Әскери прокурорлардың араласуынан кейін мерзімді әскери қызметшілердің құқықтары қалпына келтіріліп, 300 млн теңгеден астам сомаға кредиттік міндеттемелерді орындау мерзімі кейінге қалдырылды. Қадағалау актісі негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тарапынан банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен әскери қызметшілердің құқықтарын бұлжытпай сақтау бойынша тиісті жұмыс жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады, — делінген прокуратура таратқан ақпаратта.

Бұған дейін Отардағы әскери бөлімде сарбаз соққыға жығылып, жағы сынғанын жазғанбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью