Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Маманның сөзінше, мұндай істерде алдымен сот-медициналық сараптама тағайындалып, жарақаттың қаншалықты ауыр деңгейде екені анықталады.
Сонымен қатар, күдікті құқықбұзушылықты қандай ниетпен, қандай жағдайда, неше адам болып жасағаны және т. б. факторлар ескеріледі. Тергеу барысында осы секілді фактілер мен дәлелдерді жинаған соң, ҚР ҚК Әскери полициясы іс материалдарын сотқа жібереді. Түпкілікті шешімді сот қабылдайды.
— Аталған істе күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің мына баптары бойынша жауапкершілікке тартылуы ықтимал: 106-бап (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру); 107-бап (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру); 108-бап (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру); 109-бап (Ұрып-соғу). Бұл іс осы баптардың қайсысына жататынын тергеу анықтайды. Сот күдіктіге қылмысының ауырлығына байланысты айыппұл, қоғамдық жұмыс немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауы мүмкін, — дейді А. Сман.
Сондай-ақ заңгер жәбірленушінің материалдық шығынды өндіріп алуға құқылы екенін атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін оқиғаның мән жайын толық жазғанбыз. Зардап шеккен сарбаздың туыстары таратқан ақпаратқа сай, оны сержант темірмен ұрып, жағын сындырған. Алайда сержанттың өзі мұны жоққа шығарып, жарақат алған сарбаз өзі секілді қатардағы жауынгермен төбелескенін айтқан еді.
Ал ҚР Қарулы Күштері әскери полициясы бас басқармасы әскери қызметшіге қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген болатын.
Сонымен қатар, бұған дейін Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбаздың жағдайы туралы жазғанбыз.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Отарда жағы сынған сарбазға қатысты пікір білдірді.
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі осы оқиғаға байланысты үш командир мен орынбасары қызметінен босатылғанын мәлім етті.
Ал күдікті ретінде жәбірленушінің борыштасы айыпталып, үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған едік.