Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Жетісу облысының батысында, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шыгыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың орталығында жоғары өрт каупі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда түнде және таңертең жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт каупі сақталады.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл, облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Жезқазғанда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл, облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Қарағандыда таңертең және күндіз кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың қиыр батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-18 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда таңертең және күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстың шығысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының оңтүстігінде өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз қатты ыстық 35 градус күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда түнде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында өткінші жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Өскеменде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.