Сарыағаштық мұғалімдер сабақ уақытында шетелде жүрген

10.07.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

АЛМАТЫ, 10 шілде – Sputnik. Түркістан облысының Сарыағаш ауданында мұғалімдер сабақ уақытында шетелде болғаны анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық прокуратураның мәліметінше аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, сондай ақ мектеп мұғалімдері мен жұмысшылары сабақ пен жұмыс уақытында шетелге шығып кеткен.

"Алайда олардың жұмыс орнында болмағанына қарамастан, жалақылары толық көлемде есептеліп, төленген", – дейді прокуратура өкілдері.

Аудандық білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты 389 мың теңгеден астам, ал білім беру ұйымдары бойынша жалпы 15 млн теңгеден астам бюджет қаражаты негізсіз жұмсалған.

Жұмыс уақытында шетелге кеткен қызметкерлер де, заң бұзушылықтарға жол берген басшылар да тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекет кірісіне 15 млн теңгеден астам қаражат өндіріліп, 680 адам жауапкершілікке тартылды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью