Сарыөзек Көктал автожолы пайдалануға берілді

31.10.2025

7kun.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жетісу облысында республикалық маңызы бар «Сарыөзек – Көктал» автожолының жөндеу жұмыстары аяқталып, толық қозғалыс ашылды.
Жалпы ұзындығы 178 шақырым болатын бұл жолдың құрылысы 2022 жылы басталып, бірнеше кезең бойынша жүзеге асқан. Жаңа жол барлық техникалық және қауіпсіздік талаптарына сай келеді. Сонымен қатар, Сарыөзек елді мекені мен Алтынемел асуы аралығында ауыр жүк көліктеріне арналған бөлек технологиялық жол салынды. Бұл шешім ауыр техниканың қозғалысын негізгі трассадан бөліп, жолдың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жол бойында Қойбын шатқалындағы Көмбе өзенінен өтетін жаңа көпір салынып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ Сарыөзек, Қоңырөлең және Ақжазық ауылдарының маңында жарықтандыру жүйесі орнатылып, жаяу жүргіншілер өткелдері мен жол белгілері жаңартылды.
Қауіпсіздік шаралары аясында ауылдық елді мекендердің қиылыстарына жарық шамдары және қосымша жол белгілері орнатылып, жолдың 50-шақырымында автоматтандырылған салмақ өлшеу жүйесі іске қосылды. Тағы бір осындай жүйе 7-шақырымда орнатылуда.
Аудан тұрғындары жаңа жолдың сапасы мен тегістігіне жоғары баға беріп, құрылысшыларға ризашылықтарын білдіруде.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью