Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Фото: Instagram/Blue Season Daily
Read Chelsea порталының мәліметінше, испаниялық маман Сәтпаевты үзілістен кейін алаңға жай ғана шығара салмаған. Керісінше, шабуылшының мүмкіндіктерін мұқият бағалауды көздеген.
«Дастан Сәтпаев екінші таймда алаңға шықты. Себебі Хаби Алонсо «Челсидің» ең перспективалы жас шабуылшыларының әлеуетін бағалады», деп жазды басылым.
«Челсиде» 9 шабуылшы: Дастан Сәтпаевтың бәсекелестері белгілі болды
Басылым авторларының пікірінше, ұлттық құрама ойыншысының маусым алдындағы алғашқы кездесуге қатысуы бапкерлер штабының оны өз тактикалық жүйесіне бейімдеуді жоспарлап отырғанын көрсетеді.
«Қазақстан құрамасының ойыншысы «Қайраттан» ауысқаннан кейін негізгі командаға қосылды. Оның бұл матчқа қатысуы Алонсоның жаңа маусымдағы рөлін анықтамас бұрын футболшыны жіті бағалағысы келетінін аңғартады», делінген мақалада.
Сондай-ақ жабық форматтағы жолдастық кездесуде клуб академиясының тәрбиеленушілері Реджи Уолш пен Реджи Уотсон да алаңға шықты.
Еске салайық, бұған дейін «Челси» мен «Страсбург» клубтарына таланттарды іріктеуге маманданған Otu lala X парақшасы Сәтпаевты Францияға аттануы мүмкін үміткерлер қатарына қосқан болатын.
Қазір ұлттық құрама шабуылшысы Хаби Алонсоның жетекшілігімен «Челсидің» жаттығу жиындарына қатысып жүр.