Сау тамтығы қалмаған . Ұлдана Мырзуанның әріптесі сотта жылап жіберді

26.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Бүгін фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысында куәгерлердің айғақтары тыңдала бастады. Олардың арасында оның әріптесі – фельдшер Дилназ Байзақова да бар, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгердің айтуынша, қайғылы оқиға болған күні ол Ұлданамен бірге жұмыс істеген жедел жәрдем бригадасына қабырғаның құлауына байланысты бірінші санаттағы шұғыл шақырту түскен.

"Біз шақырту бойынша келдік. Үйінді астында екі адам – бір әйел мен бір ер адам болды. Кірпіштер шашылып жатты. Біз бірден көмек көрсетуге кірістік. Үстімізге бір нәрсе құлады. Ауырсыну сезімінен оның кірпіш екенін түсіндім. Тұрып, Ұлданаға қарадым. Ол етпетінен жатыр екен. Мен оны көтердім. Сау тамтығы қалмапты. Құлағы мен мұрнынан қан атқылап жатты. Мен: "Ұлдана!" – деп айғайладым", - деді ол сотта.

Қайғылы оқиғаның мән-жайын еске алған бойжеткен көз жасына ерік берді. Оның айтуынша, кейінірек екінші жедел жәрдем бригадасы келіп, Ұлдананы алып кеткен. Ал өзіне ми шайқалуы, жабық бас-сүйек ми жарақаты және амнезия диагнозы қойылған.

Бүгін сотта жәбірленушілердің де айғақтары тыңдалды. Жәбірленуші Гүлнар Қалиева сол күні "кірпіштер жаңбырша жауғанын" айтты.

Өткен отырыстарда не болды?

18 тамызда Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында басталды фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау басталды. Істі судья Меруерт Абаева жүргізіп жатыр.

Бұған дейін марқұмның жұбайы Әділет Зейнел Ұлдананың анасының пайдасына жәбірленуші мәртебесінен бас тартатыны айтылған еді. Алайда кейін сот бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартты.

Айыпталушылар орындығында қайғылы оқиға болған үйдің МИБ төрағасы Сәуле Жұбаниязова отыр. Өткен сот отырысында ол өзін кінәсіз деп санайтынын мәлімдеді.

Ұлдананың анасының адвокаты Нұрсұлтан Орынбековтің айтуынша, бұл іс Қылмыстық кодекстің 254-бабы ("Міндеттерге адал қарамау") бойынша қаралып жатыр.

20 тамызда сотталушының адвокаты судья Меруерт Абаеваға қарсылық білдірді, алайда бұл өтініш қабылданбай, процесс жалғасты.

фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі Әділет Зейнел сотта жауап берді. Ер адам жұбайы қайғылы жағдайға ұшыраған күн туралы баяндады. Сондай-ақ ол сотқа жұбайының қазасы туралы қалай білгенін және әкімдікте алған 20 миллион теңге туралы хабарлады.

Сондай-ақ оның анасы да жауап берді. Әйелдің айтуынша, өз қызын танымай қалғанын ауруханаға барған кезде белгілі болған. Сонымен қатар жәбірленуші құдағиының әкімдіктен берілген көмек қаржының 4,5 миллион теңгесін қайтаруды талап еткенін жеткізді.

Бұған дейін Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот тікелей эфирде өтетіні хабарланды. Трансляцияны YouTube-арнамыздан және Tengrinews.kz сайтынан көруге болады.

Қайғылы оқиға қалай болды?

2025 жылғы 8 қарашада Астанада Тәуелсіздік даңғылы, 24 Б мекенжайындағы тоғыз қабатты үйдің қасбетінен кірпіш қаптама құлаған. Салдарынан бес адам зардап шекті. Олар №1 көпбейінді ауруханаға жатқызылды.

Бір пациенттің жағдайы өте ауыр болды, оған ота жасалды. Тағы екі адам жансақтау бөлімінде жатты, дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалады. Қалған екі адам бөлімшеге орналастырылды, олардың жағдайы тұрақты деп бағаланды.

Ең ауыр жарақат алған пациент - оқиға орнына жеткен жедел жәрдем фельдшері, 23 жастағы Ұлдана Мырзуан болып шықты. Қыздың туыстарының айтуынша, ол зардап шеккендерге алғашқы болып көмекке ұмтылған. Олардың арасында бала, оның анасы және туысы болған. Ұлдана зардап шеккендерге қарай жүгірген кезде, "үстіне кірпіш мен кондиционердің бекіткіші құлаған". 18 қарашада ол ауруханада көз жұмды.

Оқиғадан кейін полиция Қылмыстық кодекстің 278-бабы "Сапасыз құрылыс" бойынша қылмыстық іс қозғады. Кейін істе тағы бір бап пайда болды – 306-бап "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету".

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлдана Мырзуанды ерлігі, жанқиярлығы және міндетін үлгілі атқарғаны үшін "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады. Қазақстандықтар жедел жәрдем фельдшерімен қалай қоштасқаны туралы мына материалда.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью