Сауалнама: Жастардың 90% ға жуығы ел дұрыс бағытта дамып жатыр деп санайды

18.05.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Сәуір айында жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері халықтың басым бөлігі елдің қазіргі даму бағытын оң бағалайтынын көрсетіп отыр. Атап айтқанда, респонденттердің 84,4%-ы еліміз дұрыс бағытта дамып келеді деп есептейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, қала тұрғындарының арасында респонденттердің 84%-ы елдің даму бағытын оң бағалаған. Ал ауыл тұрғындары арасында бұл көрсеткіш сәл жоғары – 85,2%-ды құрайды.

Гендер тұрғысынан талдау ерлер мен әйелдердің де жоғары деңгейде оң баға беретінін көрсетеді. Сонымен қатар, әйелдер арасында бұл көрсеткіш біршама жоғары – 86,2%-ды құрады, бұл ерлер арасындағы көрсеткіштен 4,3%-ға артық. Жас ерекшелігі тұрғысынан ең жоғары қолдау деңгейі жастар арасында тіркелді – 89,3%.

Әлеуметтік сауалнама: Жастардың 90%-дан астамы Мемлекет басшысына сенім артады

Сатып алу қабілеті артқан сайын оң бағалар да айтарлықтай өсетіні байқалып отыр. Өздерінің экономикалық жағдайының жақсарғанын сезінетін респонденттер бұл ілгерілеуді қазіргі саяси бағытпен байланыстыруға бейім.

Айта кетейік, 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында жүргізілген сауалнамаға 8 000 респондент қатысқан.

Әлеуметтік сауалнама Қазақстан халқының Президентке сенімі жоғары екенін көрсетті

Еске сала кетейік, бұған дейін ел тұрғындарының 41 пайызы отбасыны ұрпақ жалғастырумен байланыстыратындығын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар

Әлемдік нарықта мұнай бағасы тағы қымбаттады

Экономика • Бүгін, 10:58

«Жұмыстың қарқыны сын көтермейді»: Нұрлыбек Нәлібаев Алматы-1 вокзалының реконструкциясын сынға алды

Үкімет • Бүгін, 10:45

Жетісайда қауын пісті: Шаруалар егістіктен 65 тонна өнім жинады

Шаруашылық • Бүгін, 10:33

Қытайда жер сілкінісінен екі адам қаза тапты

Әлем • Бүгін, 10:16

Алматы тауларында жарақат алған шетелдік турист құтқарылды

Құтқарушы • Бүгін, 10:10

АҚШ Иранға келіссөзді қайта бастау үшін жаңа талаптар ұсынды

Әлем • Бүгін, 10:00

Әлемдік бренд өнімдері Қазақстанда шығарылатын болды

Өндіріс • Бүгін, 09:52

Алматыда нан бағасы бекітілді: Бір бөлке нан қанша теңге тұрады?

Алматы • Бүгін, 09:47

Павлодар алюминий зауытында төтенше жағдай: 2 жұмысшы зардап шекті

Оқиға • Бүгін, 09:38

18 мамырға арналған валюта бағамы

Қаржы • Бүгін, 09:28

Қазақстанда 286 музей бар: 4,5 миллионнан астам жәдігер сақталған

Мәдениет • Бүгін, 09:19

Зеленскийдің жұбайына қатысты қылмыстық іс қозғала ма?

Әлем • Бүгін, 08:46

«Қайрат» көш бастап тұр: Қазақстан Премьер-лигасының 10-туры қорытындыланды

Футбол • Бүгін, 08:33

25 адам құтқарылды: Көкшетауда паром көлдің ортасында тұрып қалған

Оқиға • Бүгін, 08:15

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 08:00

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью