Сауалнамаға қатысқандардың төрттен бірі ғана баспананы өзі сатып ала алатынын айтты

06.08.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. 2026 жылы сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың төрттен бірі ғана баспананы өз қаржысына сатып ала алатынын айтты.

Ұлттық статистика бюросы сауалнама жүргізді:

Респонденттердің 24,3%-ы өз бетінше тұрғын үй сатып алу мүмкіндігіне қанағаттанатынын айтқан, 40,8%-ы ішінара қанағаттанатынын көрсеткен. Ал 15,9%-ы қанағаттанбайтынын айтса, 19%-ы жауап беруге қиналған.

2024 жылы жүргізілген сауалнама нәтижелері де шамамен осындай болған. Алайда ол кезде "қанағаттанбаймын" деген жауапты таңдағандар көбірек – 20,5%, ал "жауап беруге қиналамын" дегендер азырақ болған.

2026 жылы тұрғын үй сатып алу кезінде мемлекеттік қолдау шараларына респонденттердің 28,4%-ы қанағаттанған. 2024 жылы бұл көрсеткіш 24,5% болған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью