Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Атап өтілгендей, қаңтар айының соңында қол қойылған келісім «Лукойлдың» барлық мақсатты активтерін қамтиды.
Midad активтерді қолма-қол ақшаға сатып алуға және соның ішінде АҚШ Қаржы министрлігін қоса алғанда қажетті реттеуші рұқсаттар алғанға дейін оларды эскроу-шотқа орналастыруға келісті.
- Midad қажетті реттеушілік сәйкестікті қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатыр. Өтінім Сауд Арабиясымен тығыз саяси байланыстардың арқасында жоғары тәуекелді қадам ретінде қарастырылып отыр – деп хабарлады дереккөз Reuters-ке.
Kazinform редакциясы түсінік алу Midad Energy, «Лукойл» және «ҚазМұнайГаз» баспасөз қызметіне үшін хабарласып, жауап күтіп отыр.
Еске сала кетсек, 29 қаңтарда «Лукойл» америкалық Carlyle инвестициялық компаниясымен LUKOIL International GmbH компаниясын («Лукойл» тобының халықаралық активтеріне иелік ететін «Лукойл» ЖАҚ компаниясының 100 % еншілес қоғамы) сату туралы келісімге келгенін хабарлады.
Осыған дейін ҚР Энергетика министрлігі АҚШ-тың Қаржы министрлігі жанындағы Шетелдік активтерді бақылау жөніндегі басқармасына (OFAC) «Лукойл» компаниясының Қазақстандағы жобаларының үлесін сатып алуға қатысты хат жолдағанын жазған болатынбыз.