Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Сауд Арабиясы өз жер аумағы мен әуе кеңістігін Иранға қарсы әскери іс-қимылдар үшін пайдалануға тыйым салды.
Бұл туралы тақ мұрагері, ханзада және премьер-министр Мұхаммед бин Салман парсы елінің президенті Масуд Пезешкианмен телефон арқылы сөйлескен әңгімесінде мәлімдеген. Ол Иранның егемендігіне құрметпен қарайтынын және ешқандай әскери операцияға қатыспайтынын жеткізді. Сөз соңында тараптар дипломатиялық диалогтың аймақта тұрақтылықты қамтамасыз ету және қақтығыс қаупін азайтуда ең басты маңызды құрал екенін атап өткен.