Сауд Арабиясы қажылық қарсаңында Меккеге кіруге қатысты жаңа талаптарды жариялады

20.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

ҚМДБ мәліметінше қабылданған шаралар қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құлшылықты тыныш әрі реттелген жағдайда өткізу мақсатында енгізіліп отыр.

Негізгі талаптар:

2026 жылғы 18 сәуірден 31 мамырға дейін «Nusuk» платформасы арқылы умра рұқсаттарын беру уақытша тоқтатылады. 2026 жылғы 18 сәуірден бастап Мекке қаласына қажылық визасынан басқа барлық визалармен кіруге және онда болуға тыйым салынады.

Аталған талаптарды бұзу Сауд Арабиясы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.

— Сауд Арабиясының құзырлы органдары барлық азаматты соның ішінде шетелдік азаматтарды белгіленген тәртіпті қатаң сақтауға және қажылық маусымын қауіпсіз әрі ұйымдасқан түрде өткізуге шақырады, — делінген хабарламада.

Айта кетелік еліміздің 17 тұрғыны қажылыққа барам деп, алаяққа алданып қалған еді

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью