Сауд Арабиясына жасалған соққыдан екі адам қаза болып, 12 сі жарақат алды

09.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Сауд Арабиясының ресми ақпарат агенттігінің елдің Азаматтық қорғаныс қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, соққы Эль-Хардж провинциясының орталық бөлігіндегі тұрғын үй кешеніне тиген.

Мерт болғандар Үндістан мен Бангаладеш тұрғындары болып шықты.

Мәлімдемеде тұрғын үйлер орналасқан аудандарға жасалған соққылар халықаралық гуманитарлық құқыққа қарсы екені айтылған.

Оқ-дәрінің түрі туралы ешқандай ақпарат жоқ.

Осыған дейін Иранның Парсы шығанағындағы АҚШ-тың әскери нысандарына шабуыл жасағаны туралы жаздық.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью