Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Сауд баспасөз агенттігі (SPA) мәліметінше, бас сүйектері бірігіп кеткен Клиа мен Морис Эннге жасалған операция Эр-Риядтағы Король Абдалла атындағы балалар мамандандырылған ауруханасы базасында жүргізілген. Оған 30-ға жуық дәрігер-маман қатысқан.
Дереккөзге сәйкес, операция бес кезеңнен тұрып, 18,5 сағаттан кейін сәтті аяқталған.
Егіздер Сауд Арабиясына ота жасау үшін 2025 жылдың мамыр айында жеткізілген. Мамандар бұл операцияның аса күрделі екенін атап өткеніне қарамастан, хирургиялық ем-шара толық табысты аяқталды.
SPA таратқан ақпаратта балалардың нақты жасы көрсетілмеген. Алайда кейбір бұқаралық ақпарат құралдары олардың шамамен алты жаста екенін жазады.
Осыған дейін қытайлық роботтардың Бразилиядағы науқасқа қашықтан жоғары дәлдіктегі ота жасағаны туралы жаздық.