Сауд Арабиясында түйеге арналған паспорт енгізіледі

05.02.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Корольдіктің Қоршаған орта, су ресурстары және ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, бұл бастама меншік құқығын бақылауды жақсартуға, сондай-ақ орталықтандырылған әрі сенімді дерекқор құру арқылы саланың өнімділігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Түйе паспорты жануар туралы мәліметтерді, оның тұқымын, иесін және алған вакцинацияларын қамтиды.

Құжат түйені тасымалдау және сату кезінде ресми құжат ретінде пайдаланылып, меншік иесінің құқықтарын қорғауға әрі иесін анықтауды жеңілдетуге сеп болады.

Gulf News басылымының мәліметінше, 2024 жылы Сауд Арабиясындағы мәдени мұраның символы саналатын түйелердің саны шамамен 2,2 миллионға жеткен. Елде жыл сайын мыңдаған қатысушыны жинайтын ірі спорттық-мәдени шара — Король Абдулазиз атындағы түйелер фестивалі өтеді.

Бұған дейін Сауд Арабиясы шетелдіктер үшін капитал мен жылжымайтын мүлік нарығын ашатыны хабарланған еді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью