Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
- 2025 жылы Ұлттық төлем жүйелері 1,5 квадриллион теңгеден аса қаражатты өңдеді. Бұл – елдегі қолма-қол ақшасыз айналымның шамамен 90%-ы. Банкаралық QR-төлемдер мен аударымдарды жүргізу үшін мобильді төлемдер жүйесі іске қосылды. Жүйеге екінші деңгейлі 10 банк қосылды, қалған банктер 2026 жылғы бірінші жартыжылдықтың соңына дейін қосылады, - деп жазылған жоспарда.
Ұлттық банк мәліметі бойынша, мемлекеттік сатып алу, субсидия және Ұлттық қордан қаржыландыру салаларындағы 100-ден астам жоба цифрлық теңге арқылы қаржыландырылып жатыр.
- Цифрлық теңге эмиссиясының көлемі 330 млрд теңгеден асты. 2026 жылғы сәуірде цифрлық теңге базасында мақсатты пайдалануды бақылау үшін мемлекеттік шығысты кезең-кезеңімен аударудың Кешенді жоспары бекітіледі, - деп жазады Ұлттық банк сарапшылары.
Қазірдің өзінде Ұлттық банктің реттеушілік сынақ алаңында 22 жоба іске асырылып жатыр.
- Оның ішінде стейблкоиндер мен нақты активтерді токендеу, криптофиаттық есептеулер, крипто айырбастаушылар, криптобиржа және цифрлық активтерді шығару платформалары бар. Цифрлық активтер саласындағы нормативтік құқықтық актілер күшіне енгеннен кейін 2026 жылғы екінші тоқсанда оларды ауқымдау, жалпыға бірдей белгіленген жұмыс режиміне көшіру басталады, - деп жазылған жоспарда.
Бұл Қазақстан 2026 жылы реттелетін крипто-нарығы бар елдердің қатарына қосылады деген сөз.
Бұған дейін цифрлық теңге алғаш рет экспорттық жобаға бағытталғанын жазған едік.