Сәулет және құрылыс қызметінде инжинирингтік қызметтер көрсету ережелері жаңартылды

30.06.2026

Zakon.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компания құрылыс барысына және үлескерлер ақшасының мақсатына қарай пайдалануына мониторингті, жобалау құны шеңберінде орындалған жұмыс көлемін тексеруді жүзеге асырады.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компанияның басшылары, сертификатталған мамандар және ақшаның нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын мамандар құрылыс жобасы бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету үшін Бірыңғай оператордың, құрылыс салушының, уәкілетті компанияның, осы құрылыс жобасы мердігерінің (бас мердігерінің) басшыларына қатысты үлестес болмауға тиіс.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компания мынадай талаптарға сәйкес келеді:

тапсырыс берушілердің көрсетілген инжинирингтік қызметтер туралы кемінде үш пікірін ұсына отырып, Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға берілген құрылыс объектілері бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету тәжірибесінің болуы;өз құрамында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға құқығы бар кемінде үш сертификатталған мамандардың болуы;штатында ақшаның мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру үшін маманның (мамандардың) болуы.

Ұйым инжинирингтік қызметтер көрсеткен жағдайда, ұйым шартқа қол қойылғаннан кейін техникалық қадағалау, авторлық сүйемелдеу және жобаны басқару үшін өзі құрған ұйымдық құрылымды, сондай-ақ ұйымның атынан жобаны басқаратын кандидатураны тапсырыс берушіге келісуге ұсынады.

Ұйым тапсырыс берушіге тікелей инжинирингтік қызметтер көрсететін мамандардың тізімін, олардың-міндеттері мен өкілеттіктерін жазбаша түрде ұсынады.

Техникалық қадағалауды жүзеге асыру бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету

жүйелі бақылауды және құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталған кезеңдерін пайдалануға қабылдау мақсатында өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін;ғимараттар мен құрылыстардың жобалау шешімдеріне, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкестігі үшін;қолданылатын материалдардың, бұйымдар мен конструкциялардың сапасы үшін;белгіленген тәртіппен және шартта (келісімшартта) айқындалған мерзімдерде объектілерді салуды жүзеге асыруға және пайдалануға беру үшін техникалық қадағалау жүзеге асырылады.

Инжинирингтік қызметтер көрсету жөніндегі мамандарды (ұйымдарды) тарта отырып, техникалық қадағалауды жүзеге асырған кезде тапсырыс беруші "Жұмыс жүргізуге" деген сызбадағы белгісі бар жобалау-сметалық құжаттаманың толық жинағының бір данасын техникалық қадағалауға береді.

Техникалық қадағалауды жүзеге асырған кезде жалпы техникалық қадағалаудың басшысы тапсырыс берушіге, ал техникалық қадағалау маманы жұмыстардың арнайы түрлері бойынша – жалпы техникалық қадағалау басшысына есеп береді.

Техникалық қадағалау авторлық сүйемелдеу мамандарымен, мердігерлік қызметтің құрылыстың сапасын өндірістік бақылау жұмыскерлерімен, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау мамандарымен бірге жүзеге асырылады.

Техникалық қадағалау жөніндегі маманы:

Қорғалатын аймақ жерлерін пайдаланудың өлшемін, режимін белгілеу және жерлерді бөлінген алқаптағы темір жол көлігінің мұқтаждықтары үшін пайдалану жөніндегі ережеге сәйкес байланыс және электр беру желілерінің күзетілетін аймақтарда, темір жолға және автомобиль жоларына бөлінген белдеулерде жұмыс жүргізуге жазбаша рұқсатының болуын тексереді;құрылыстың күнтізбелік жоспарын сақтауға және объектілерді пайдалануға берудің нормативтік мерзімдерінің немесе мердігерлік шартта белгіленген мерзімдердің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;салынып жатқан объектілерде мемлекеттік нормативтердің және атқарушылық құжаттардың, салыстырып өлшеу құралдарының болуын тексереді;геодезиялық бөлу негізін қабылдауға және мердігерге беруге қатысады, сондай-ақ құрылыс аяқталғанға дейін олардың сақталуын қамтамасыз етуді жобаның автормен бірге бақылайды;жобалау-сметалық құжаттаманың сәйкессіздігі анықталған кезде және жобалау шешімдерін өзгеру, материалдарды, бұйымдарды, конструкциялар мен жабдықтарды ауыстыру қажет болған кезде тапсырыс беруші осы мәселелерді шешуі үшін ұсыныстар енгізеді;мердігердің жөнделген жабдықтар мен инженерлік желілерге жеке сынақ жүргізуін және олардың нәтижелерін тиісті ресімдеуді бақылайды;сынақтан кейін жабдықтарды қабылдауға қатысады;күнделікті (үздіксіз) негізде, нысанның жұмыс жүргізу кестесімен жәнеқұрылыс-монтаждау жұмыстарының әрбір кезеңін орындаумен өзара үйлестірілген, әсіресе жұмысты жасыру актілеріне қол қоюды талап ететін нысанға бару кестесі негізінде, құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын материалдардың, бұйымдардың, конструкциялар мен жабдықтардың сапасын, олардың жобалау құжаттамасына, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарға, техникалық регламенттердің талаптарына, инженерлік ізденістердің нәтижелеріне сәйкестігін, олардың сапасын куәландыратын құжаттардың (техникалық паспорт, сертификат, зертханалық сынау және басқалар) болуын және дұрыс ресімделуін, сондай-ақ кірме бақылаудың құжатталған нәтижелерін тексереді, ақаулар мен бұзушылықтарды уақытында анықтайды, олар туралы тапсырыс беруші мен мердігерге хабарлайды;технологиялық операциялардың құрамы мен орындау сапасының сәйкестігіне бақылау, оның ішінде мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес операциялық бақылау жүргізеді;қабылдау бақылауын жүзеге асырады, мердігер орындаған құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемдерін уақытында тексереді, белгіленген нысандағы актілерді ресімдей отырып, жасырын жұмыстарды куәландыру және жауапты конструкцияларды аралық қабылдау жүргізеді;техникалық қадағалау жөніндегі журналға (Қағидалардың 1-қосымшасы) анықталған ақаулар мен бұзушылықтарды жою бойынша ескертулер мен нұсқауларды енгізеді және олардың орындалуын бақылайды;авторлық сүйемелдеу, сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органы жүзеге асыратын тексерулерге қатысады, тиісті журналдарға белгілер қоя отырып, тексерулер кезінде мердігерлердің алған нұсқауларының орындалуын бақылайды;егер құрылыс бақылауын жүргізу процесінде басқа құрылыс конструкцияларын және инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерінің учаскелерін бұзбай немесе зақымдамай анықталған кемшіліктерді жою мүмкін болмаса, объектінің қауіпсіздігіне әсер ететін, жұмыстардың орындалуын бақылау басқа жұмыстар орындалғаннан кейін жүргізілуі мүмкін жұмыстардың орындалуына, сондай-ақ құрылыс конструкцияларының және инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерінің учаскелерінің қауіпсіздігіне бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді;өзінің қызметімен тапсырыс берушінің қаражатын нысаналы және ұтымды пайдалануға ықпал етеді, жинақтау ведомосінде орындалған және ақы төленген жұмыстардың толық және дәл есебін жүргізеді;мердігерден құрылыс алаңында материалдарды, бұйымдарды, конструкциялар мен жабдықтарды сақтаудың тиісті шарттарының сақталуды, сондай-ақ орындалған жұмыстардың, тұрғызылған ғимараттар мен құрылыстарды тапсырыс берушіге тапсырғанға дейін олардың сақталуын қамтамасыз етуді талап етеді;құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамамен қамтамасыз ету және оның сапасы мәселелері бойынша, сондай-ақ сапаны бақылау және жұмыстарды қабылдау мәселелері бойынша мердігердің талаптарын қарайды, осындай талаптар бойынша шешім шығарады және тапсырыс беруші шешім қабылдауы үшін өзінің ұсыныстарын енгізеді;құрылыс кезеңінде мердігермен бірлесіп жауапты ғимараттар мен құрылыстардың шөгуіне жобада көзделген бақылауды белгілейді және бақылаудың нәтижелерін тиісті құжаттамалармен ресімдейді;құрылыстың мердігерлік шарты бойынша жұмыстарды қабылдау кезінде, сондай-ақ объектіні пайдалануға қабылдауға дайындау кезінде жұмыстардың әрбір түрінің, конструкциялардың, жабдықтардың және тұтастай объектінің нақты дайындығын тексереді, атқарушылық құжаттаманың тиісті ресімделуін, қабылдау актілерінің тізбесіне енгізілген жөнделген және орнатылған жабдықтардың пайдалануға берілген объектіде нақты болуын салыстырып тексереді;объектінің пайдалануға беруге дайындығын растайды, "Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 235 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15150 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды береді;консервациялауға жататын объектілерді куәландыруға, құрылысты консервациялауға немесе уақытша тоқтатуға арналған құжаттамаларды ресімдеуге, сондай-ақ құрылысты консервациялаудан немесе уақытша тоқтатудан кейін жұмысты жалғастыру үшін құрылыс ұйымдарына беру кезінде объектілердің техникалық жай-күйін бағалауға қатысады;тапсырыс берушіге жобалау-сметалық құжаттамасын және мемлекеттік нормативтерді бұзушылықпен орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату туралы ұсыныс енгізеді;конструкциялардың деформациялау және қирау қаупі болған, адам өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауiп төнген, сондай-ақ техникалық қадағалаудың ақаулар мен бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаулары орындалмаған жағдайларда жұмыс жүргізуді тоқтатады (міндетті түрде тапсырыс беруші мен мердігерге жазбаша хабарлама жібереді);мердігерге, қажет болған жағдайларда тапсырыс берушіге жобалау-сметалық құжаттамасының және мемлекеттік нормативтердің талаптарын бұзған және техникалық қадағалаудың нұсқауларын орындамайтын тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді;"бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін порталында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына ай сайынғы негізде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу басталғаны туралы берген айдан кейінгі айдың 5-күніне осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылыстың барысы туралы және орындалған жұмыстардың сапасы туралы (фотоесептерді қоса бере отырып) ұдайы есептер ұсынады;құрылыс алаңдарына кiре алады;жер учаскесіне тиісті құқықтың, бекiтiлген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың, жобалар сараптамасының оң қорытындысының болуын бақылауды, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарды құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабардар етуді, лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң тиiстi түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензияның болуын, орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкцияларының және жабдықтардың бекiтiлген жобалық шешiмдерге және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтерге, оның iшiнде тiреу және қоршау конструкцияларының берiктiгін, орнықтылығын, сенiмдiлiгiн және үйлердің (ғимараттардың) пайдалану сапасын қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтерге сәйкестiгiне, мердiгердiң (бас мердiгердiң) өзiнің өндiрiстiк бақылауы мен құрылыс сапасын қадағалаудың барлық (кiру, операциялық, қабылдау, зертханалық, геодезиялық және басқа да) түрлерi мен нысандарын ұйымдастыруы мен жүзеге асыруын, атқарушылық құжаттаманың уақтылы және дұрыс ресiмдеуiн бақылауды жүзеге асырады;тапсырыс беруші бекітетін нысан бойынша жобаны іске асыру барысы туралы тапсырыс берушіге ай сайын есеп береді;Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілерді салу кезінде де жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес тапсырыс берушіге қазақстандық тауарөндірушілер материалдарының, жабдықтарының, бұйымдары мен конструкцияларының қолданылуын бақылау бойынша ай сайын есеп береді.мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органға құрылыс жобасын, сондай-ақ тиісті құрылыс жобаларының сараптама қорытындыларын танысу үшін ұсынады.

Техникалық қадағалаудың өкілі жасырын жұмыстарды куәландыру, жауапты конструкцияларды аралық қабылдау және оларға ақы төлеу үшін жұмыстарға қабылдау жүргізеді. Жұмыстарды куәландыру және қабылдау мердігер өкілдерінің, қажет болған жағдайларда қосалқы мердігерлік ұйымдар (олар орындаған жұмыстарды куәландыру және қабылдау кезінде) және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын жобалау ұйымдары өкілдерінің қатысумен жүзеге асырылады.

Мердігер куәландыру және жұмыстарды қабылдау басталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей техникалық қадағалау маманының алдағы куәландыруы немесе жұмыстарды қабылдауы туралы хабарлайды. Егер техникалық қадағалаудың өкілі жасырын жұмыстарды куәландыруға мердігердің сұрауында көрсетілген мерзімде келмесе, ал куәландыру кейінгі жұмыстарды тоқтатуға алып келсе, онда мердігер біржақты тәртіппен жасырын жұмыстарды куәландыру актісін жасайды.

Осындай жағдайда, техникалық қадағалау өкілі орындалған жұмыстың дұрыстығын растау үшін конструкцияларды ашуды талап еткен кезде ашу тапсырыс берушінің қаражаты есебінен, ал сапа бойынша талаптардың бұзылғаны анықталған кезде – мердігердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Жасырын жұмыстарды куәландыру нәтижелері бойынша нормативтік-техникалық құжатта белгіленген нысанда акті жасалады.

Жасырын жұмыстарды куәландыру кейінгі жұмыстар басталғанға дейін жүргізіледі. Егер кейінгі жұмыстарды ұзақ үзілістен (алты айдан аса) немесе ауа-райы күрт өзгергеннен (жаңбыр, үсік және т.б.) кейін орындау қажет болса, онда жасырын жұмыстарды куәландыру қайта жүргізіледі. Қайта куәландыру куәландырылатын жұмыстар мен конструкциялар зақымданған жағдайда зақымдану жойылғаннан кейін жүргізіледі.

Орындалған жұмыстарды оларды төлеу үшін қабылдауды құрылыс мердігерлік шартында белгіленген тәртіппен техникалық қадағалау өкілі жүргізеді. Есептік кезеңде объектіні салу немесе құрылыс жұмыстарын орындау үшін қажетті ай немесе уақыт кезеңі қабылдануы мүмкін.

Қабылдау нәтижелері бойынша орындалған құрылыс жұмыстарын қабылдау актісі ресімделеді, оған үш жұмыс күні ішінде техникалық қадағалау өкілі акті рәсімдейді.

Бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұл ретте бұрын қолданыста болған бұйрықтардың күші жойылады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью