Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
7 шақырым жерге жайылған, 10 мың сюжеттен тұратын Сауысқандық петроглифтері халықаралық қорғауға алынуы мүмкін.
Қойнауы қазынаға толы Қаратаудағы таңбалы тастар ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік тізімінде тұрауға лайық.
Ұлттық құрылтайда осы мәселені көтерген Президент жауаптыларға тапсырма берді.
Сауысқандық петроглифтері мемлекеттің ерекше қорғауындағы аймақ. Өлкетанушылар оны мұражайға айналдыруды да ұсынып жүр.
Егер осы құнды жәдігерлер ЮНЕСКО тізіміне енсе, өңірдің туристік әлеуеті де артады.
Ғалымжан Садықов, облыстық Тарихи-мәдени мұралар орталығының бөлім басшысы: - Археологтар бұл ескерткішті петроглифтеріндегі жинақталған жазуларына байланысты тоғыз топқа бөлді.
Яғни үлкен аумақты алып жатыр. Ғалымдар тарапынан бірнеше жылдан бері зерттеліп келеді.