Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы саябақтардың бірінде кәмелетке толмаған екі қызға қатысты сексуалдық сипаттағы заңсыз әрекеттер жасаған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Полиция Қылмыстық кодексінің 121-1-бабы (16 жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиісу) бойынша тергеуді аяқтап, істі сотқа жолдады.
"9 тамызда күдікті Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицейлер.
Тәртіп сақшылары кәмелет жасқа толмағандардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға ерекше мән берілетінін еске салды.