Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Фото: gov.kz
Жаңа әкімді қала активіне Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев таныстырды.
Саян Мұратұлы мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2015 жылы Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бас маман болып бастаған.
Әр жылдары Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында түрлі қызметтер атқарды. 2022-2024 жылдары Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары болды.
Эльдар Күзенбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
2025 жылдың тамызынан бастап Балқаш қаласының әкімі қызметіне тағайындалғанға дейін Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы қызметін атқарған.
Елімізде жаңа Конституция күшіне енуіне орай бірқатар кадрлық өзгеріс болды. Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Жарлығымен Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалған болатын. Сондай-ақ Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды.