Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Қазақстандағы шахмат білімін дамыту және Алматыда алғаш рет өтіп жатқан FIDE университеттер арасындағы командалық әлем чемпионаты бойынша ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өз ойымен бқлісті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оның айтуынша, мұндай ауқымды шараның біздің елде өтуіне қуанышты.
– Біз үшін шахмат – тек зияткерлік ойын ғана емес, сонымен қатар сыни ойлау, стратегиялық жоспарлау және жастардың зияткерлік әлеуетін дамытатын тиімді білім беру құралы.
Қазақстан үшін Алматыда FIDE университеттер арасындағы алғашқы командалық әлем чемпионатын өткізу – үлкен мәртебе.
Бұл дода халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтып, университеттік спорттың дамуына жаңа серпін беріп, еліміздің әлемдік шахмат қозғалысындағы орнын одан әрі күшейтетініне сенімдімін, - деді Саясат Нұрбек.
Айта кетейік, Алматыда университеттер арасындағы командалық әлем чемпионатымен қатар жасөспірім ұлдар (Kazakhstan Boys Team vs. World Boys Team) және қыздар (Kazakhstan Girls Team vs. World Girls Team) командалары арасында матч өтіп жатыр.
Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, рапидте де, блицте де Kazakhstan Boys Team World Boys Team-ді жеңді. Қыздар командалары арасындағы ойындар әлем құрамасының пайдасына аяқталды. Әр командада 6 ойыншы болды – әр жас санаты бойынша бір-бірден: U8, U10, U12, U14, U16 және U18.