Саясаттанушы: дін саяси күшке айналмауы керек

14.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Оның сөзінше, қазір елімізде түрлі дін өкілдері тұрады. Бір дін өкілінің құқығын қорғайтын ереже басқа бір дін өкілінің құқығын шектеуі мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайда жалпыға ортақ нормалар болуы керек. 

– Дін адамның өмір салтына, мінез-құлқына, өзгелермен қарым-қатынасына әсер етеді. Бұл мәселелер әр дінде әртүрлі қарастырылады. Ал, көп дінді ұстанатын халқы бар мемлекетте мұның бәрі заңмен реттелуі тиіс. Дін саяси күшке айналмауы керек. Дін мемлекеттен бөлек болуы қажет. Білім беру, медицина т.б. салаларда жалпы халыққа ортақ нормалар заңмен бекітілуі тиіс. Мысалы, діни көзқарасына байланысты сәбиіне екпе салдырмайтын ата-аналар да бар. Бұл болашақта баланың денсаулығына, білім алу мүмкіндігіне, жалпы өміріне кері әсер етуі мүмкін, - деді саясаттанушы.

Сондай-ақ ол елімізде қандай дінді болсын ұстануға шектеу жоқ екенін еске салды.

– Қандай дінді ұстанса да, азаматтардың өз еркі. Дін ұстануда шектеу жоқ. Бірақ діни сенімнен туындаған әрекеттер қоғамдық тәртіпті және басқа адамдардың құқығын бұзатын болса, онда, әрине, мәселе заңмен реттеледі. Қайталап айтсақ, қандай дінді ұстансаңыз да, өз таңдауыңыз. Алайда қоғам ішінде, көпшілік ортада өзгелердің құқығын бұзбауыңыз керек. Бұл әйел құқығына да қатысты сөз. Мәселен, әлемде діни догмаға ұрынған елдерде қыз бала туса, құқығы шектеледі. Қыз-келіншектердің білім алуына, жұмыс істеуіне, тіпті, көшеге шығуына да қатаң шектеулер қойылып жатады. Мұндай жағдайлар кез келген демократиялық елде болмауы тиіс. Әр адам өз құқығын білуі керек, - деп түйіндеді Ә. Әбдірашитова.

Еске салайық, бұған дейін жаңа Конституция халықты Тәуелсіздік пен Егемендікті қорғауға міндеттейтіні жөнінде сарапшы пікірін жариялаған едік.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью