Саяси науқанның маңызы түсіндірілді

26.02.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Іс-шараға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасарлары Ербол Байқонысов пен қалалық мәслихат депутаты Альбина Елшиева, сондай-ақ «Ауыл» партиясының төрағасы Ғани Қарабеков және Қазақстан Халық партиясының қалалық филиалының төрағасы Бақтияр Жандарбеков қатысты. Насихаттық топ мүшелері бірқатар тұрғын үйді аралап, азаматтармен тікелей жүздесіп, референдум­ның мазмұны мен маңызы туралы кеңінен әңгімелесті.

Акция барысында арнайы дайындалған ақпараттық парақшалар таратылып, алдағы референдумға қатысты нақты әрі толық мәліметтер ұсынылды. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, дауыс берудің тәртібі мен маңыздылығы түсіндірілді. Кездесу барысында тұрғындар түсіндіру жұмыстарына оң көзқарас танытып, референдумға қатысуға ниетті екендерін білдірді. Бұл өз кезегінде халықтың ел бола­шағына бейжай қарамайтынын көрсетеді. Айта кету керек, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тек тұрғын үйлер­мен шектелмейді. Қала аумағындағы адам көп шоғырлана­тын қоғамдық орындарда да үгіт-насихат шаралары ұйымдастыры­лып жатыр. Ұйымдастыру­шы­лардың айтуынша, басты мақ­сат – халыққа қолжетімді әрі нақты ақпарат жеткізу арқылы әрбір азаматтың саналы әрі жауапты таңдау жасауына мүмкіндік қалыптастыру.

Референдум – ел тағдырына қатысты маңызды шешім қабылданатын тарихи сәт. Сондықтан әрбір азаматтың белсенділігі мен азаматтық ұстанымы ерекше маңызға ие.

Елнар ЕЛТАЙ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью