Саяси партиялар қандай мәселелерге назар аударуы қажет?

10.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Фото: Самат Нұртазаның жеке мұрағатынан

«Әрбір саяси партияның өзіндік ұстанымы, бағыты мен даму жолы бар. Партиялар бір-бірінен саяси көзқарасы, бағдарламасы және басымдық беретін мәселелері арқылы ерекшеленеді. Дегенмен, олардың барлығын біріктіретін ортақ мақсат – халықтың мүддесіне қызмет ету. Сондықтан экология, кәсіпкерлікті қолдау, азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту, жалақы мен әлеуметтік әл-ауқатты арттыру сияқты қоғам үшін маңызды мәселелерге басымдық берген партия ғана халықтың сеніміне ие болады», деді Самат Нұртаза.

Абзал Құспан: Сайлаудың сапасы партиялардың кадрлық әлеуетіне байланысты болады

Спикер алдағы саяси науқанда өткен кезеңнің қорытындысын ескеріп, тиімді әрі тиімсіз тұстарды саралау партиялардың жұмысына оң ықпал ететінін айтады.

«Партиялар өткен шақырылымдардың тәжірибесіне жан-жақты талдау жасауы қажет. Бұған дейін қандай депутаттар жұмыс істеді, қандай депутаттық топтар құрылды. Нендей қателіктер кетті? Қоғамда резонанс тудырған қандай оқиғалар орын алды – осының бәрі сарапталуы тиіс. Әр партияның ішінде талдау жүргізетін арнайы топ болғаны жөн. Өйткені саяси ұйым тек өз қателігінен емес, өзге партиялардың тәжірибесінен де сабақ алып, оны болашақ жұмысында ескеруге ұмтылады», деді ол.

Дәурен Рахымбек: «Біздің мақсат – ауылдан кету емес, ауылға оралу»

Сондай-ақ сарапшы саяси партиялардың тұрақты дамуы халықпен үздіксіз байланыс орнатуына және қоғамдағы өзгерістерге жедел бейімделуіне тәуелді екенін атап өтті.

«Ең бастысы – партия халықтың көңіл күйін дәл сезіне білуі керек. Қоғам нені талап етіп отыр, жұртшылықты қандай мәселелер алаңдатады, сайлаушылардың үміті мен сұранысы қандай – мұның бәрін уақытылы аңғарып, соған сәйкес әрекет еткен партия ғана өміршең болады. Ал халық пен партия арасындағы байланыс әлсіресе немесе үзілсе, мұндай саяси ұйымның дамуы қиынға соғады», деді Самат Нұртаза.

Құрылтай сайлауы: Ауқымды саяси реформаның маңызы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью