Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
SCAT әуе компаниясы Қарағанды мен Шымкент қалалары арасында тікелей әуе қатынасын ашады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Рейстер тұрақты түрде аптасына екі рет — сейсенбі және бейсенбі күндері орындалады. Сейсенбі күндері Қарағандыдан ұшу уақыты сағат 09:00-ге жоспарланған, ал бейсенбіде — сағат 23:00-де. Ұшу ұзақтығы 2 сағат 15 минутты құрайды. Жолаушыларды Boeing 737 әуекемесі тасымалдайды.
Билеттердің бағасы 27 463 теңгеден басталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.