SCAT әуе компаниясының ұшағы Таразға шұғыл қонуға мәжбүр болған

24.06.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Фото: Ашық дереккөз

Бұған дейін әлеуметтік желілерде қатты турбуленттік аймағына тап болған ұшақ бортынан түсірілген видео тараған еді. Кейін экипаж бағытты өзгертіп, әуе кемесін Таразға бұрған.

Астанаға бағыт алған ұшақ Екатеринбург әуежайына шұғыл кері қайтты

Әуе компаниясының мәліметінше, ұшақ Шымкент әуежайына қонуға жақындаған кезде ауа райы күрт нашарлаған. Желдің екпіні секундына 24 метрге дейін жетіп, найзағай ойнап, нөсер жауын басталған.

«Алматы – Шымкент рейсінің экипажы Тараздағы қосалқы әуежайға қону туралы шешім қабылдады. Ауа райы жақсарғаннан кейін ұшақ рейсті жалғастырды», делінген хабарламада.

Ұшақ пен пойыз билеттерінің бағасы неге бірдей? ҚТЖ өкілі жауап берді

Әуе кемесі қосалқы әуежайда шамамен 1 сағат 30 минут болған. Кейін Шымкент әуежайына штаттық режимде сәтті қонған.

Бұған дейін хабарланғандай, Ақтау халықаралық әуежайы енді ең ірі санаттағы ұшақтарды қабылдай алады. Осы мақсатта әуежайда аэродромдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью