Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Қостанай қаласында ер адам көшеде кетіп бара жатқан әйелге себепсізден-себепсіз шабуыл жасаған. Ол ұсталып, арнайы медициналық мекемеге орналастырылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz
Полицияның мәліметінше, ер адам өтіп бара жатып, бейтаныс әйелді кенеттен ұрып жіберген. Зардап шеккен әйелге медициналық көмек көрсетілді. Жарақаттың ауырлық дәрежесі әзірге нақтыланбаған.
"Қала тұрғынына дене жарақатын келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті полиция қызметкерлерімен ұсталды. Оның психикалық денсаулық орталығында есепте тұрғаны анықталды. Ер адам арнайы медициналық мекемеге жатқызылды.
Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деді Қостанай облысы ПД анықтаушысы Әлішер Күшекбаев.