Сегіз вагон рельстен шығып кетті: оқиға салдарынан пойыздар кешікті

06.11.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Ақмола облысында пойыздардың кешігуіне теміржолдағы апат себеп болды, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы".

"Ақмола облысындағы Макинка станциясына іргелес орналасқан "Бота 2015" ЖШС қапталында 12 вагон орнынан жылжып кетіп, салдарынан олардың сегізі рельстен шығып кетті", - делінген хабарламада.

Ұлттық компания маневрлік операцияларды орындап жатқан локомотив жеке компанияға тиесілі екенін, ал маинистер бригадасы жеке ұйымның қызметкерлері екенін хабарлады.

"Апат салдарынан байланыс желісі зақымдалды. Зардап шеккендер жоқ. Пойыздар кешігуі бар", - делінген хабарламада.

Апаттың салдарын жою және инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін оқиға орнына төтенше жағдайлар бригадалары мен қалпына келтіру пойыздары жіберілді.

Вагондардың рельстен шығу себебі анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью