Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Нұра ауданында Ш. Айтматов көшесіндегі 12 қабатты тұрғын үй кешенінің паркингінде құрылысшылар пайдаланған тұрмыстық бөлмеде үй заттары өртенген.
Оқиға орнына келген ТЖМ бөлімшелері өртті жедел сөндіруге кірісті. Жұмыс барысында қауіпсіз жерге көлемі 50 литрлік газ баллоны шығарылып, ықтимал жарылыстың алдын алынды.
Өрт шағын аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.