Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
3 тамыздан бастап «Семей – Астана – Семей» бағытында сыйымдылығы 78-ден 84 орындыққа дейінгі «Bombardier Q-400» ұшағы жолаушыларды тасымалдай бастайды. Рейсті «Vietjet Qazaqstan» әуе компаниясы жүзеге асырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жолаушылар аптасына 4 рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері қатынайтын болады. Билет бағасы 20 мың теңгеден басталады. Болашақта жолаушылар сұранысына байланысты аптасына жеті рейске дейін көбейту жоспарланып отыр.
Ұшу кестесіне сәйкес ұшақ Астанадан 07:45-те ұшып, Семейге 09:20-да келеді. Ал Семейден 09:40-та ұшып, Астанаға 11:20-да қонады. Ұшу ұзақтығы 1 сағат 35 минутты құрайды.
Қазіргі уақытта Семей қаласынан «Семей – Алматы», «Семей – Астана», «Семей – Үржар», «Семей – Қарағанды» бағыттары бойынша әуе рейстері орындалуда. Аталған рейстерді «FlyArystan», «Оңтүстік аспаны», «SCAT» әуе компаниялары жүзеге асырып келеді.
Айта кетейік, жаңа бағыт Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің, «Самұрық Қазына» әл-ауқат қорының және Абай облысы әкімдігінің қолдауымен ашылып отыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.