Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Үкімет басшысы Олжас Бектенов екі министрді "Семей орманы" аумағындағы жұмыстарды үйлестіруге жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевпен бірге "Семей орманы" резерватындағы өртті сөндіру жұмыстарын үйлестіреді. Екеуі де шұғыл Абай облысына ұшып барады.
"Жақын маңдағы елді мекендерді қорғау және өрттің одан әрі таралуының алдын алу шараларын күшейту тапсырылды", - делінген ресми хабарламада.
Премьер-министр жедел штаб жұмысын жеке бақылауына алды.
Еске сала кетейік, бүгін сағат 09:45-те "Семей орманынан" өрт шықты. Тілсіз жау 60 гектарға жуық жерді шарпыған. Осыған байланысты, жақын маңдағы лагерьден 190 бала мен 20 қызметкер қауіпсіз жерге көшірілді.
© ДП Абайской областиЖителей сел эвакуируют из-за пожара в резервате "Семей орманы"
Жителей сел эвакуируют из-за пожара в резервате "Семей орманы"
Өрт сөндіруге 400-ден астам адам және 100-ге жуық техника жұмылдырылды. Көлемі 100 тоннадан асатын су себілді.