Семей орманындағы орман өрті толығымен жойылды

28.07.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

16 шілдеде басталған "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватындағы өрт толығымен сөндірілді. Бұл туралы Экология министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2026 жылы 16 шілдеде Семей орманы резерватының Камышенка орманшылығында өрт тіркелген болатын.

"Өртті сөндіруге Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Бірлескен әрі үйлесімді жұмыс нәтижесінде өрт толық жойылды", - делінген ведомство хабарламасында.

Еске салайық, "Семей орманы" резерваты аумағындағы өрт әуе және жерден сөндірілді. Тілсіз жауды жоюға 800-ден аса адам, 204 техника және сегіз әуе кемесі жұмылдырылды. Жалын 18 шілдеде оқшауланды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью