Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. "Семей орманындағы" өртті сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
Осы уақыттағы жағдай бойынша өртті жою жұмыстарына 600-ге жуық адам, 148 бірлік жерүсті техникасы, 7 тікұшақ және Экология және табиғи ресурстар министрлігі, күштік құрылымдар және жергілікті атқарушы орган жұмылдырылған.
"Әуеден сөндіру жұмыстары барысында 123 рет су төгу жүзеге асырылды, өрт ошағына 157 тонна су жеткізілді, - дейді Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Өрт орнына экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев және төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов келді. Ведомство басшылары жұмылдырылған күштер мен құралдардың жұмысын үйлестіріп жатыр.
Жағдай премьер-министрінің жеке бақылауында, дейді минисрлік.