Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ТЖМ қызметкерлері Ішкі істер министрлігі және Абай облысының әкімдігімен бірлесіп «DosBolLike» балалар лагерінің тәрбиеленушілері мен қызметкерлерін алдын ала эвакуациялады. Семей қаласына барлығы 220 адам жеткізілді. Оның ішінде 190 бала мен лагерьдің 30 қызметкері бар.
Барлық іс-шараларды үйлестіру үшін ТЖМ Жедел басқару орталығының базасында жедел штаб құрылды. Оның жұмысына барлық жұмылдырылған мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып жатыр. Үйлесімді өзара іс-қимылдың арқасында жедел шешімдер қабылданып, жерүсті және авиациялық күштердің жұмысы үйлестіріліп, өртке қарсы іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр.
Авиация күшімен өрт ошақтарына жалпы көлемі 89 тонна суды құрайтын 81 рет су төгу жүзеге асырылды. Өрт орнына Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарынан және Астана қаласынан ТЖМ бөлімшелері, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының, «Ертіс орманы» орман шаруашылығының күштері және ТЖМ әскери бөлімінің жеке құрамы жіберілді. Алдын ала бағалау бойынша өрттің аумағы шамамен 60 гектарды құрайды.
Полиция қауіпті аумақты қоршауға алып, өрт орнына баратын жолдарды жапты. Өрт сөндіру, инженерлік және басқа да арнайы техниканың кедергісіз қозғалысы қамтамасыз етіліп жатыр. Сонымен қатар қоғамдық тәртіп сақталып, тұрғындар қалдырған мүлікті күзету шаралары қолға алынған.
Жағдай ТЖМ Жедел штабының толық бақылауына алынды.
Айта кетейік, биыл 28 маусымда еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 5 орман өрті тіркелді.