Семей қаласын айналып өтетін автожол салынбақ

11.11.2025

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Абай облысының әкімі Берік Уәли өңірдің 9 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді. Сол есептің барысында өңір басшысы биыл республикалық маңызы бар «Қалбатау-Майқапшағай» автожолының 184 шақырымы аяқталатынын жеткізді, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Оның айтуынша, бұл бағыт өңірдің ішкі және сыртқы көлік байланысын жақсартып, облыстың көршілес Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарымен, сондай-ақ Ресей мен Қытай Халық Республикасымен шекаралық сауда-экономикалық қатынастарын нығайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, «Талдықорған - Қалбатау - Өскемен» автожолының құрылысы аяқталуға жақын. Қазір негізгі бөлігіне асфальт төселіп, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

–  «China Railway Asia-Europe Construction Investment Co.LTD» Қытай компаниясымен Семей қаласын айналып өтетін автожол құрылысын жүзеге асыруға бағытталған меморандумға қол қойылды. Жоба қазақ-қытай кәсіпорындарының бірлескен консорциумы негізінде 2028 жылға дейін жүзеге асырылады», –  деді өңір әкімі Берік Уәли ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью